Түркістан: Ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймалар салынбақ

Spread the love

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауындағы міндеттердің жүзеге асуы Түркістан облысында нақты көрініс тауып жатыр.  Атап айтсақ, бірнеше ірі жобалар іске асып келеді . Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, биыл  былтырғы жылмен салыстырғанда экономикадағы жалпы өнім көлемі 1,2 пайызға артып, жылдың тоғыз айында 523,4 млрд  теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылыпты. Ауылшаруашылығы саласында да елеулі өсім байқалып, агрокәсіпорындар кешенімен 300 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 101,9 пайызға сәйкес келеді.   Түркістан облысының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Осы бағытта агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологиялар мен инновацияларды ендіруге айрықша назар аударылып отыр. «Өзіміз өндіретін ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бақша, көкөніс, жеміс-жидек сақтайтын заманауи қоймалар салуымыз қажет. Осы мақсатта Шымкентте ірі сауда-логистикалық орталығын салу жоспарлануда»,- дейді аулышаруашылығына жауапты өңірдегі мамандар.  Сауда-логистикалық орталығының жалпы көлемі 90 га. асады. Кешенде халықаралық стандарттарға сәйкес «А» және «Б» сыныпты ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын заманауи қоймалар салынбақ. Мұндай қоймалар алдағы уақытта Сарыағаш және Мақтарал аудандарында, Түркістан қаласында салынады деп жоспарлануда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *