Түркістан облысының әкімдігі мен «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ және «Orbis Kazakhstan» компаниялары арасында ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасын жүзеге асыру аясында инвестициялық келісім мен жол картасына қол қойылды. Көрші мемлекет өкілдерін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қабылдады. Өзбекстанның «Узагротехсаноатхолдинг» мемлекеттік компаниясы қазақстандық «Orbis Kazakhstan» компаниясымен бірлескен жобаны «Turkistan» индустриалды аймағындағы «Brownfield» өндірістік алаңында жүзеге асыруға ниетті. Жобаны 3 кезеңде іске асыру жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 12 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба толыққанды іске асырылғанда 100-ге жуық жұмыс орны ашылады. Инвесторлар кең қолданысқа ие болатын ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруді жоспарлауда. Мәселен, әмбебап-жер айдау тракторы, мақта шаруашалығына арналған трактор, олардың тіркемелері мен роторлы орақтар, су бүрку желдеткіштері, соқа және басқа да техникаларын құрастыру көзделген. Сонымен қатар «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ қазақстандық мамандарды оқыту мен біліктілігін арттыруды, техникалық персонал үшін тәжірибелік тренингтер жүргізуді өз мойнына алып отыр. Ал, отандық «Orbis Kazakhstan» компаниясы еліміздің аумағында ауыл шаруашылығы техникасын сату үшін дилерлік және сервистік желіні дамытатын болады. «Turkistan Invest» тарапынан инвестормен жобаны одан әрі іске асыру үшін қажетті ақпарат алмасу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.