АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру үшін инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асыру жалғастырылды. АӨК субъектілерінің арасында мемлекеттік қолдаудың аталған құралы қазіргі таңда сұранысқа аса ие. Осы бағдарлама бойынша  66,5 млрд теңге бөлінді, содан кейін агробизнестің қажеттілігін қанағаттандыру үшін бөлінген қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты жыл соңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қолдауымен қосымша 41,1 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде инвестициялық субсидия сомасы 107,6 млрд теңгеге жетті немесе салыстырғанда 2,2 есеге өсті. Бұл ретте субсидиялауға қатысты берілген өтінімдер саны 22,7 мыңды құрады, ал инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері, яғни бес жылдық кезеңде 22,9 мың өтінім субсидияланды, бұл ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 501,6 млрд теңге (өсім 27%) сомасында инвестициялардың өсуін қамтамасыз етті, ал инвестиция көлемі жалпы 395,6 млрд теңгені құрады. Қаржыландырудың қолжетімділігін арттырудың келесі тетігі — несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау. Бағдарлама ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығы малдарын, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 10%-ын, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға арналған қарыз шарттары бойынша 5%-ын өтеуді қарастырады.  Сондай-ақ аталған бағыт бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша АӨК жобалары субсидияланады, онда түпкілікті мөлшерлеме негізгі құралдарға арналған неселер бойынша 5%-ды және субсидиялауды есепке ала отырып айналым қаражатына 6%-ды құрайды. Осы мақсатқа шамамен 21 млрд теңге жұмсалды. Бұл 9 мыңнан астам қарыз шартын субсидиялаумен қамтуға және салаға 372 млрд теңге қарыз капиталын тартуға мүмкіндік берді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.