АӨК өнімдерінің экспорты $3,29 млрд-қа 12,41 млн тоннаны құрады, бұл салыстырғанда $198 млн-ға немесе 6,4%-ға артық. Бұл ретте, АӨК өнімдері экспортының жалпы көлемінен өңделген өнім экспортының үлесі 33,65% құрады.  АӨК өнімдері экспорты бойынша АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштері асыра орындалды. Өткен жылы әлемнің 72 еліне АӨК өнімдерінің 551 түрі экспортталды.  Айта кетейік, тауарлардың экспорттық номенклатурасының 50,2%-дан астамы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдеріне тиесілі. Өңделген өнімдер экспортының тізімінің кеңейтілуі — бұл аулы шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және өңдеуді дамыту бойынша жүргізлген саясаттың жемісі. АӨК саласына салынатын инвестицияларды тарту жоспары 94 инвестцииялық жобаны іске асыруды көздейтін 559 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде шетелдік қатысумен 16 жоба бар, олар $837 млн сомасына пысықталу және іске асырылу үстінде. Ет өңдеу саласындағы ірі америкалық трансұлттық компания «Tyson Foods Inc.» қатысуымен ет комбинатының салынуын және «Valmont Industries» (АҚШ) заманауи суару жүйелерін шығаратын зауыт құрылысын перспективалы инвестициялық жобалар ретінде атап өтуге болады. Бұл жобалар бойынша ҚР Үкіметінің деңгейінде келісімдерге қол қойылды.  Анықтама. 95 мал шаруашылығы өнімдерінің тобы, 179 өсімдік шаруашылығы өнімдерінің тобы. Қазақстандық АӨК өнімдерінің басымдықты нарықтарға экспорты артып келеді. Мәселен, АӨК өнімдерінің Қытайға экспорты 50,5%-ға, Парсы шығанағы елдеріне (Катар, Кувейт, БАӘ, САК, Оман, Бахрейн) 3,2 есе, Орталық Азия елдеріне (Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан) 7,4%-ға, ЕАЭО елдеріне 8,2%-ға артты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.