Ипотекалық сертификаттар екі схема бойынша беріледі. Кей қазақстандықтар оны тегін алады.

«Ипотекалық сертификаттарды берудің екі нұсқасы бар: қайтарымсыз әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады немесе ұзақмерзімді пайызсыз несие ретінде беріледі», — дейді Қайрат Алтынбеков.

Қайтарымсыз әлеуметтік көмек қалалық мәслихаттар көмегімен үлестірілетін болса, пайызсыз несиенің ережелері туралы әлі хабарланған жоқ. Алтынбековтың айтуынша, жобаның бүге-шігесі мен орындалуына әкімдіктер жауапты, сертификаттарды беру ережелері мен тәртібін де солар бекітеді.

Жергілікті атқарушы органдардың қаражатты бөлуін ешбір құзырлы орган қадағаламайды. Ал әкімдіктер қабылдаған сертификат беру тәртібі әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін.

Сертификаттар қашан беріледі

Тұрғын үй сертификаттары осы айдан бастап беріледі деп жоспарланған. Бастапқы жарнаның жартысын төлеуге барлығы 50 миллиард теңге бөлініпті.

Өткен айда инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек «7-20-25» бойынша пәтер алу үшін бастапқы жарнаға қаражаты жетпейтін отбасыларға көмек көрсету жайында сөз қозғаған болатын. Сол кезде пайызсыз қарыз беру мәселесі көтерілген еді.

Министрдің айтуынша, «Баспана» құрған екі бағдарлама әкімдіктердің көмегімен жүзеге асады.

Қыркүйек айының басында жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 10%-ға дейін қысқарту туралы меморандумға «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.