Смоляковтың айтуынша, көп жағдайда ипотека азаматтардың кірісін растай алмауына байланысты берілмейді. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков азаматтарға қай кезде ипотека берілмейтінін түсіндірді. «7-20-25» бағдарламасы арқылы пәтер алу қолжетімді бола түсті. Сенатта «7-20-25» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша өткен кездесуде депутаттар кредит тарихы нашар қазақстандықтардың мәселесін көтерді. Сенатор Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, кейбір банктер азаматтың  үш-бес жылға дейінгі кредит тарихын зерттесе, кейбіреулері тек он екі айдағы несие тарихына қарайды екен.  «30 мың теңгеге тоңазытқыш сатып алды да, 3 мың теңгесін уақытында төлеген жоқ. Міне, осы азаматтың кредит тарихы нашар, ол базада тіркелген. Қазақстандықтардың дені осының кесірінен бағдарламаға қатыса алмай жүр», — деді Дүйсембаев.  «7-20-25»: бір миллион теңге жұрттың бәріне бірдей берілмейді. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков банктер үшін сомасы аз қарыз бойынша кредит тарихының нашар болуы проблема емес екенін атап өтті.  «Біз ипотека неге берілмейтінін зерттеген кезде, ең басты себеп – қарыз алушы өзінің кірісін растай алмайды», — деді ол.  Смоляков Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге азаматтардың кредит тарихын зерттеу мәселесі бойынша қысым жасай алмайтынын айтты.  Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады. Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады. «Бағдарлама бойынша, егер қарыз алушы ипотекалық қарыз бойынша дефолтқа жол берсе, онда аталған несие, егер оның құрылымын қайта қарау және кредит параметрлерін жұмсарту туралы келісімге келу мүмкін болмаса, ол банкке қайтарылады», — деді ол. Оның айтуынша, банк сол кредит үшін алған қаржы сомасын кері төлейді.  «Яғни, түптеп келгенде, несие тәуекелі банкке әсер етеді. Әр банк қарыз алушының кредит тарихын өз тәжірибесіне сүйене отырып зерттейді», — деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.