Бір миллион теңге жұрттың бәріне бірдей берілмейді: бастапқы жарна үшін қаражатқа ие болудың шарттары жайында «Баспана» ипотекалық ұйымы айтып берді. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаға бір миллион теңге елдің бәріне бірдей берілмейді. Бұл жайында «Баспана» ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков айтты. Ол тұрғын үй сертификаттары түрінде берілетін қаржыға ие болудың шарттары жайында мәлімет берді. «Осы тапсырма аясындағы жоспарымыз бойынша, әкімдіктер мен жергілікті атқарушы органдар сертификаттарды, президент айтқандай, әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлеріне — ұстаздар, дәрігерлер, полицейлер және тағы басқаларына беретін болады», — дейді Алтынбеков. Оның сөзіне сүйенсек, сертификаттың орташа мәні бір миллион теңге болмақ. Азаматтың қандай сомада сертификат алатыны пәтердің құны байланысты – қалай болғанда да сертификат баспана құнының 10%-ынан аспайды. Аталған «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы Түркістан облысының әр аудан қалаларында да кең қарқынмен жүзеге асырылып жатқаны белгілі.
Медиаон ақпрарат