2023 жылы басталатын жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінде заманға сай жаңа мектептер бой көтеруде. Бұл өз кезегінде апатты жағдайда тұрған және үш ауысымды мектептердің де проблемасын шешуге көмектеседі.

Шымкентте де жайлы мектепті көлікпен қамту жағдайы қарастырылған. Нақтырақ айтар болсақ, аталмыш ұлттық жобасы аясында жаңадан ашылып жатқан мектептерді қоғамдық көлікпен қамту мақсатында №122, №191 және №55 автобус маршруттарының сызбаларына өзгерістер енгізілетін болады. Яғни, Қарабастау тұрғын алабына қатынайтын №122 және №191 бағыттағы қоғамдық көліктердің сызбасы №142 жалпы орта білім беретін мектебіне дейін ұзартылады. №55 автобус маршруты Нұршуақ шағынауданындағы №140 жалпы орта білім беретін мектебі арқылы ұйымдастырылады. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында осы мәселеге қатысты бағдарлама ұсынды. 2025 жылға дейін елімізде 800 мыңға жуық баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасалатынын айтқан болатын. Ұлттық жобаның аты – «Жайлы мектеп». 2023 жылы басталатын жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінде заманға сай жаңа мектептер бой көтеруде. Бұл өз кезегінде апатты жағдайда тұрған және үш ауысымды мектептердің де проблемасын шешуге көмектеседі. Бүгінде жайлы мектеп аты айтып тұрғандай, оқушыға да, ата-анаға да ыңғайлы, қатынауға қолайлы жағдай жасалынып жатыр. 

Себебі, жайлы мектепте ішкі ғана емес, сыртқы инфрақұрылым да қарастырылған. Мектепке апаратын жаяу жүргіншілер жолы, автобус бағыттарын алдын ала іске қосу, аялдамаларды дайындау, мектепке апаратын жолдарға жарық беру мәселелері де шешімін табуда. Осыған дейінгі білім ошақтарынан жайлы мектептің бір ерекшелігі осыда. Еске салсақ, қала әкімі жауаптыларға ұлттық жоба аясында салынатын мектептердің, ең алдымен, оқушылар қауіпсіздігін қамтып, өскелең ұрпақтың жайлы жағдайда білім алуына қажетті шараның барлығын ескеру бойынша бірқатар тапсырма жүктеген еді. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында қалада 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектеп салу жоспарлануда екендігі жарияланған болатын.

 

 

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *