Абай ауданында қаладағы маңызды инфрақұрылым жүйесі іске қосылды.  Шаһар басшысы Жергілікті тұрғындармен бірге 60 мыңнан астам халқы бар “Қайнарбұлақ” тұрғын алабында табиғи газ қосу шарасына қатысты. Бүгінге дейін тұрғындар тұрмыста сұйытылған газ пайдаланып келген.

Газ құбырының құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған. Халықты сапалы қызметпен қамтамасыз ету мақсатында әкім жауапты тұлғаларға жұмысты жоспарланған мерзімнен бұрын іске қосуды тапсырды.

Бүгінгі таңда абоненттердің 60%-ы тұрақты және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілді. Қалған 40%-ын қараша айының соңына дейін қосу жоспарланып отыр. Бүгіннен бастап тұрғындар көгілдір отынға қосылуға өтінім бере алады.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін “Ынтымақ-2”, “Тассай”, “Бозарық” және “Көктөбе” шағынауданы тұрғындарын да табиғи газбен қамтамасыз етуді жоспарлануда.

Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайында 2022 жылы табиғи газ желілерінің құрылыс жұмыстары басталған болатын. “Отау строй” мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Саяжайда табиғи газ беру кезең-кезең бойынша жүзеге асырылады. Онда әлі құжаттарын рәсімдемеген үйлер бар.

Бүгінде тұрғындарды абоненттеу жұмыстары басталды. “Қазақгаз аймақ” мекемесі тарапынан қосымша сәйкестендіру жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындардың өтініштері талапқа сай келген жағдайда газға қосылуға мүмкіндік бар. Бүгінгі іс-шарада тұрғындарға техникалық шарт алу керек екені, жалпы газға қосылу талаптары түсіндірілді. Магистралды желілерге газ келді. Енді тұрғындар өздері қосу жұмыстарын атқару қажет.

Айта кетсек, бүгінгі таңда абоненттердің 60%-ы тұрақты және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілді. Қалған 40%-ын қараша айының соңына дейін қосу жоспарланып отыр.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *