Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда ұсынған бес бастамадан кейін тұрғын үйге қол жеткізе алмай жүргендердің кеудесінде үміт оты қайта жанғандай. Жаңа «7 – 20 – 25» бағдарламасы аясында еңбек етуші әр қазақстандық тұрғын үйді жылдық мөлшерлемесі  7 пайыздан аспайтын өсіммен ала алады.  Осыған сәйкес, сәуірде «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы өзгертіледі. Бұл жайлы Үкімет отырысында мәлім болды. Жиында Үкімет мүшелері елбасының  бес бастамасын іске асыруға бағытталған арнаулы «Жол картасы» жобасын қарап, қабылдады. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру жөніндегі жол картасының жобасын таныстырған Ұлттық экономика министрінің айтуынша, құжатты мүдделі мемлекеттік органдар және Ұлттық банк бірлесіп әзірлеген. Жалпы, елбасының бес бастамасын жүзеге асыруға арналған жол картасы 35 іс-шарадан тұрады. Ол үшін 3 Кодекске, 12 заңға, үкіметтің 6 қаулысына және Ұлттық банк басқармасының 3 қаулысына өзгерістер енгізілмек. Әрбір отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруді көздейтін бірінші бағыт шараларының негізгі орындаушысы – Ұлттық банк және Инвестициялар және даму министрлігі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.