Сапарбек Ержігітов, серіктестік директоры:

– Бізде екі мұздатқыш камера бар. Үш алдын ала салқындататын бөлме бар. Тағы да 5 үлкен камера бар. Жалпы сыйымдылығы – 8200 тонна. Бауды егуде, салқындатқышты камераларды салуда мемлекет тарапынан үлкен көмек болып отыр.

Компания логистика мен тасымалдау мәселесін де реттеп қойған. 20 арнайы көлігі бар. Өнімдер Шымкент, Астана мен көрші Ресей базарларында саудаланып жатыр. Ал қыркүйек айынан бастап кәсіпорын шырын мен алма езбесін шығаруды қолға алған. Өнімді өңдеуге арналған негізгі құралдарды сатып алу үшін серіктестік «Агробизнес өңдеу» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алған.

Бауыржан Түймебаев, Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалының директоры:

– Алма шырынын, пюре шығаратын өндірістік жабдықтарға несие бөлдік. 75 пайызы бізден шыққан, 25 пайызының өз үлесі бар. 8 пайызбен 6 жылға алынды. Бірақ 10 жылға дейін алуға болады.

Шырын мен пюре шығаратын бұл жобаның жалпы құны 212 миллион теңгені құрайды. «Мұнда 100 келі алмадан 70 литр шырын алуға болады», — дейді цех технологы. Австриялық үлгімен дайындалатын бұл өнімдер қазіргі уақытта еліміздің бірнеше қалаларына сатылымға шығарылуда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.