Түркістанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу жұмыстары сараланған мәжіліс өткізілді. Аталған мәжіліске мемлекеттік органдардан басқа облыстағы азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыруға тікелей әсер ететін ауыл шаруашылығының ірі тауар өндірушілері, сауда нүктелерінің, базарлардың, наубайханалардың иелері қатысты.
Облыстық басқармалар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттері азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Арман Сабитов бағаларды тұрақтандыру мақсатында дүкендерді күнделікті аралап шығуды, тұрақтандыру қорында азық-түлік тауарларының қорын қалыптастыру бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеретін өндірушілер мен жеткізушілер бойынша жұмысты ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ «Turkistan» ӘКК» АҚ-ға «Айналым схемасы» шеңберінде тауар өндірушілерге әлеуетті қарыз бөлу мәселесін одан әрі пысықтау бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар күнделікті бақылауда және тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
___
ТУРКЕСТАН: ПРОВЕДЕНО СОВЕЩАНИЕ ПО НЕДОПУЩЕНИЮ РОСТА ЦЕН НА СОЦИАЛЬНО ЗНАЧИМЫЕ ПРОДУКТЫ
В данном совещании помимо государственных органов приняли участие крупные сельхозтоваропроизводители, владельцы торговых точек, рынков, пекарен, которые оказывают непосредственное влияние на формирование цен на продовольственные товары в области.
Областными управлениями и территориальными департаментами центральных государственных органов озвучены проводимые работы по недопущению роста цен на продовольственные товары.
Подводя итоги заседания, заместитель акима области Сабитов Арман поручил в целях стабилизации цен проводить ежедневные обходы по магазинам, усилить работу по формированию запаса продовольственных товаров в стабилизационном фонде, а также взять на особый контроль работу по производителям и поставщикам, необоснованно завышающим цены на продовольственные товары.
Кроме того, даны соответствующие поручения АО «СПК «Turkistan» по дальнейшей проработке вопроса выделения займов потенциальным товаропроизводителям в рамках «Оборотной схемы».
В целом, работа по недопущению роста цен на социально значимые продукты находится на ежедневном контроле и принимаются соответствующие меры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.