Түркістан: Қазақстаннан көп экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдері қандай ?

Spread the love

ҚР АШМ берген деректеріне сәйкес, еліміздегі ең көп экспортталған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің тобына бидай және меслин (өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортының жалпы көлемінің 44,8%-ы), арпа – 14%, күнбағыс тұқымы – 7,6%, зығыр тұқымы – 7,5%, қатты бидай – 6,4%, жасымық – 2,9% жатады.  Ең көп экспортталған мал шаруашылығы өнімдерінің тобына: тірі ірі қара мал – 44,6%, тірі ұсақ мүйізді мал – 15,9%, ірі қара мал еті – 4,8%, мұздатылған балық – 4,6%, қой еті – 3,6% кіреді. АӨК қайта өңделген өнімдерінің тобына ұннан басқа (қайта өңделген өнім экспортының жалпы көлемінің 30,6%), мақта талшығы – 7,7%, рапс майы – 4,8%, күнбағыс майы – 4,1%, кондитерлік өнімдер – 3,0%, балық өнімдері – 3,0%, зығыр майы – 2,4%, шоколад – 1,9%, макарон және ұн өнімдері ‒ 1,6% кіреді. Үшінші елдерге ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 12,8%-ға ($1,364 млрд-тан $1,540 млрд-қа) өсті. Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша құс еті басымдыққа ие болды — 11050,91 тонна құс еті Ауғанстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан елдеріне экспортталды. Сондай-ақ, сиыр еті және қой еті Бахрейн, Ұлыбритания, Германия, Иран, ҚХР, Кувейт, Қырғызстан, Оман, БАӘ, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Франция, Чехия, Швейцария елдеріне жіберілген. Жылқы еті Австрия, Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия т. б. тәрізді елдерге экспортталған. Ал шошқа еті Арменияға, Германия мен Ресейге бағытталды.

Ал жартылай қазақстандық жартылай дайын ет өнімдерінінің (909,94 тонна) және шұжық өнімдерінің (219,89 тонна), ет консервілерінің (684,36 тонна) негізгі тұтынушылары Қырғызстан мен Ресей болды. 11173,76 тонна сүт және сүт өнімдері Ауғанстан, Қырғызстан, Моңғолия, Оман, БАӘ, Польша, Ресей, Сауд Аравиясы, Сингапур, АҚШ, Түркия, Өзбекстан елдеріне жіберілген.

Анықтама: мал экспортының көлемі:  

  • ірі қара мал – 129 282 бас (Әзербайжан, Армения, Грузия, Беларусь, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан).
  • ұсақ қара мал – 241 465 бас (Әзербайжан, Армения, Грузия, Иран, Қырғызстан, БАӘ, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан).
  • жылқы – 861 бас (Ауғанстан, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан).
  • шошқа – 8 бас (Ресей).
  • түйе – 655 бас (Грузия, Ресей, Өзбекстан).

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *