Одан өзге, Отырар мөлтекауданында «Түркістан-жаңа қала» тұрғын үй кешендерінде кредиттік 88 (2724 пәтер, 196,3 мың шаршы метр) көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды Түркістан облысында өткен жылы қаржыландырудың барлық көзі арқылы 387,8 мың шаршы метр тұрғын үй (3003 пәтер) пайдалануға берілді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. Өткен жылы 2017 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 21,7 пайызға ұлғайып отыр. Мемлекеттік бюджет есебінен 171,8 мың шаршы метр арендалық тұрғын үй (2509 пәтер, 74 тұрғын үй) құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 30,6 мың шаршы метр (500 пәтер, 35 тұрғын үй) пайдалануға тапсырылған. Бұдан өзге, биылғы жылы мемлекеттік қаржыландырудың барлық көзі арқылы 186 көпқабатты тұрғын үйдің (466,2 мың шаршы метр, 6721 пәтер) құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде 82 көпқабатты тұрғын үй (211,6 мың шаршы метр 3133 пәтер) пайдалануға тапсырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктерінің елдімекендерінде 1715 жеке үйдің (239,8 мың шаршы метр) құрылысын салып, пайдалануға тапсыру көзделуде. Жыл соңына дейін 451,4 мың шаршы метрге (4848 пәтер) жетпек. Сондай-ақ, өткен жылы облыс орталығы Түркістан қаласында «ӘКК Түркістан» АҚ-ы және  жеке салушылар арқылы 6 көпқабатты кредиттік тұрғын үй (336 пәтер,  26,1 мың шаршы метр) құрылысы басталды. Осы үйлер пайдалануға тапсырылып, барлық пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы халыққа ұсынылады. Түркістан қаласындағы Отырар мөлтекауданында  жалпы аумағы 38 гектар құрайтын «Түркістан-жаңа қала» тұрғын үй кешендерінде кредиттік 88 (2724 пәтер, 196,3 мың шаршы метр) көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.