Түркістанға баратын туристердің санын 5 миллионға жеткізу жоспарланып отыр «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы

Spread the love

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауы бойынша өткен актив жиында Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев «Түркістан — туризм орталығына айналады» деп мәлімдеді. Өңір басшысы негізгі алты бағыттан тұратын саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталып, оның қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан ары дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталғанын жеткізді. Жолдаудағы әрбір айтылған тармақтарды талқылаған жиында облыс басшысы өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстарды да айтып берді. «Елбасы Жолдауындағы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды жүктегені жаңадан құрылған Түркістан облысында да кәсіпкерлік саласының одан ары дамуына тың жол ашады». Облыс әкімі индустрияландыру, өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын үй, туризм, агроөнеркәсіп сынды салалардың өңірдегі көрсеткішімен және өңірді дамыту жоспарларымен бөлісті. Әкімнің айтуынша, облыс орталығында тарихи этнотуризмді дамытуға барлық мүмкіндік бар. Түркістанның тариxи құндылықтарын сақтау, одан ары көркейту, Қожа Аxмет Яссауи кесенесі негізінде мәдени-руxани орталықты сақтау және әкімшілік-іскерлік орталықты құруға ерекше көңіл бөлінуде. «Жақын арада біз облыс орталығына келетін 1 миллионыншы туристті күтетін боламыз. Болашақта туризмді дамытуға бағытталған басқа да түрлі жолдардың нәтижесінде облысқа келетін туристердің санын 5 миллионға жеткізу межеленіп отыр. Ол үшін «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары түзілген. Жоспарға сәйкес бірінші кезекте Түркістанның ежелгі қоныстарының бірі – Күлтөбе қалашығы қайта жаңғыртылады. Әбілмәмбет хан мен Тәуке ханның ордалары, олардың жанындағы ортағасырлық үлгідегі мешіт және басқа да бірқатар нысандар толық қайта қалпына келтіріледі» деді әкім. Басқосуда мінберге бірқатар азаматтар шығып, ойларын ортаға салды. Сөз алған Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұстазы, тарих ғылымдарының докторы Хазіретәлі Тұрсын: «Елбасы Жолдауы институционалды сипат алып, еліміздің саяси өміріне берік орнықты. Қазіргі кезде Елбасы Жолдауын алдағы күннен үлкен үміт күткен әрбір қазақстандық асыға күтетіндей сұраныс қалыптасты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *