Өрт қауіпсіздігі тақырыбында ТЖБ қызметкерлері, Жергілікті атқарушы органдармен бірге тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі тақырыбында 29-рет үгіт-насихат жұмыстарына шықты. Үгіт-насихат барысында 4530 тұрғын үй араланып, 5000 дана өрт қауіпсіздігі туралы арнайы парақшалар таратылды. Соның ішінде Ауданның ерікті жастарымен 9-рет үгіт-насихат жұмыстарына шығып, 640 тұрғын үй араланып, 1560 адам қамтылып, ерікті жастармен 2000 дана жадынама таратылды. Аудандық полиция қызметкерлерімен бірге адамдар көптеп жиналатын орындарда тұрғындарға түсіндірмелер жасалып, көрнекі жерлерге 6-дана стендтер ілінді. Өрт қауіпсіздігі тақырыбында ТЖБ қызметкерлерімен 8-дана билбордтар ілінді. ТЖБ қызметкерлері Аудан әкімдігінің ресми сайтына 7-рет, Ерікті жастар сайтына 6-рет, ТО ТОД сайтына 14-рет мақала шығарылды. ТЖБ қызметкерлері сәуір айынан бастап суға шомылу кезеңінің басталуы тақырыбында қауіпсіздік шараларын тұрғындарға түсіндіру мақсатында Ауданның әлеуметтік желілер арқылы Аудан тұрғындарына 5-рет түсіндірмелер жасалды. Суға шомылу кезеңінде Аудан аумағындағы су және өзен арналарына ТЖБ қызметкерлері Жергілікті атқарушы органдармен бірлесін рейдтік іс-шаралар 7-рет өткізілді. Рейдтік іс шара барысында су арналарындағы қауіпті жерлерге түсуге неме шомылуға болмайды деген арнайы дайындалған 18-дана тақтайшалар қойылды. Су арналарында түсіндірме жұмысы кезіңде тұрғындар демалу барысында кішкентай балдарға қарамайтындығы фактілері анықталып, ата-аналарға ауызша ескертпелер АПБ қызметкерлерімен жасалды. ТЖБ қызметкерлерімен судағы қауіпсіздік тақырыбында шомылу маусымы басталғалы бері 19-рет рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейдтік іс-шара барысында АПБ қызметкерлері және ауыл-округ әкімшілігі қызметкерлері, ерікті жастар тартылды. ТЖБ қызметкерлерімен өзен және көл арналарына барар жолда судағы қауіпсіздік ережелері туралы 4-дана билборд ілінді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.