Ағымдағы жылдың 30-31 шілде күндері Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында, су айдындарында халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері №12 ӨСБ жеке құрамымен және Қарнақ ауылының әкімдігінің қызметкерімен бірлесіп, Қарнақ ауылындағы «Ырғымақ» өзеніндегі демалушыларға, суға шомылу кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, белгіленбеген орындарда суға шомылуға, сонымен қатар, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, көп қабатты үйлерден балалардың құлауы және дала орман өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері түсіндіріліп, жадынама парақшалары таратылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.