Созақ ауданында биылғы жылы аудандағы барлық санатта 32 230 бас мүйізді ірі қара, 310 591 бас қой-ешкі, 14 542 бас жылқы, 10 366 бас түйе, 21 408 бас құс өсіріліп жатыр. Осы мерзімімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 113,8 пайызға (28 329 бас), қой-ешкі 112,9 пайызға (274 950 бас), жылқы 118,6 пайызға (12 257 бас) өссе, түйе 98,2 пайызға кеміп отыр. (10 558 бас), құстар 107,2 пайыз (19 966 бас) болып орындалды. Сонымен қатар, 7495,1 тн ет (тірі салмақта), 10277 тн сүт, 1 млн 936 мың 300 дана жұмыртқа өндіріліп, кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ет 101,5 пайызға, сүт 101,3 пайызға, жұмыртқа 103,4 пайызға артық орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2850 бас тұсақ қойлар алынып, меже 138 пайызға,«Құлан» бағдарламасы бойынша 630 бас аналық жылқы алынып меже 105 пайызға орындалса, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша бойынша ауданға 2 000 бас мүйізді ірі қара малын тұқымдық түрлендіру межесі белгіленсе, есепті мерзімде 1069 (53%) бас мүйізді ірі қара аналығы тартылды. Тапсырма жыл соңына дейін орындалатын болады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.