Созақта ауылшаруашылығы бойынша міндеттемелер толық орындалды

Spread the love

Созақ ауданында үшжақты келісімде көрсетілгендей, ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары толықтай орындалды. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлады Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1500 бас мүйізді ірі қара малын асылдандыру көзделсе, жыл басынан бері жеті айда асылдандырылған ірі қара басы 1538-ге жетіп, меже 102 пайызға орындалып отыр. Сол сияқты, «Алтын асық» бағдарламасының тапсырмасы бойынша 2000 басқа жеткізу жоспары, 230 басқа артық шығып, 111% орындалды.  Ал, мемлекеттік «Құлан» бағдарламасы 300 бас болып бекітілсе, қазіргі таңда пайыздық меже 101% құрап отыр. Бір жылға межеленген жоспарды жеті айда орындап үлгерген Теріскейдің ауыл шаруашылығы мамандары жұмыстар мұнымен тоқтамайды дейді. Мал басын асылдандырамын деп ниет еткен шаруалармен жұмыстар одан әрі жүргізіле бермек. Шаруа қожалықтарының басшылары да сапалы өнім өткізудің пайдасын көре бастады.,

Медиаон ақпрарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *