Ал Созақтағы шопандарға билік құдық қазып берген. Онысы күн сәулесінен қуат алатын қондырғы арқылы су тартады.  Нұрфараб Өтеген – жас та болса мал шаруашылығын дамытып, шаруа қожалығын басқарып отыр. Жүзге жуық жылқы мен 200-дей ұсақ малдың басын көбейтіп, төрт түліктің тұқымын асылдандырсам деген ниеті бар. Алғашында шаруашылықты жүргізуге ағасы көмектессе, қазір өзі де тірліктің көзін таба біледі. 2020 жылы инвестиция бағдарламасы арқылы мемлекет құдық қазып берсе, өткен жылы күннен қуат алатын қондырғы орнатып берген. Нұрфараб Өтеген, шаруашылық басшысы: — Қазіргі таңда ауылдан шалғайда орналассақ та телефонымыз ұстап тұр. Жарық бар. Теледирар көрсетіп тұр үйдің ішінде. Қазір шаруашылығымызды кеңейту мақсатында асыл тұқымды мал өндірісін қолға алып жатырмыз. 2020 жылдан бастап бүгінге дейін Созақ ауданында «Инвест» бағдаралмасы аясында мал шаруашылығымен айналысатын 70-ке жуық шопанның қыстағына күн сәулесінен қуат алатын пернетақта орнатылған. Бұрын қойлы ауылда май шаммен отыратын малшылар енді ол қиындықтан құтылған. Қазір шалғайдағы шопандар тіршілік нәрінен де тарықпайды. Қайырбек Мейірманов, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы: — Біздің өңірде 1 млн астам гектар жерде бетпақ даламыз бар. Сол жерлерден инвестициялық салымдар есебінен 73 құдық қазылды мемлекеттік бағдарлама есебінен. Жаңбырлатып суару технологиялары бар, одан кейін 55 мүйізді іріқара шаруашылықтарымыз бар. 11 қой шаруашылығы биылғы жылға 1 млрд 600 мың теңге жобасында мемлекеттен қолдау алды. Жауапты сала мамандарының айтуынша, биылғы жылы да шалғайдағы мал шаруашылығымен айналсатын 50-ге жуық шаруаға құдық қазылып, күннен қуат алатын қондырғылар орнатылып беріледі. Жалпы ауданда әлі де екі жүзден астам малшыға құдық қажет.  Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш Осы категория бойынша: « Петропавлдық шебер жасаған шыны бұйымдар көздің жауын алады Эпидахуал: Қазақстандағы барлық өңір «жасыл аймақта» »

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.