Шымкентте «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарында көрсетілген шаралардың оң динамикасы байқалады. Аталған жоспарда жұмысшы жастар ел дамуының негізі ретінде қарастырылып, осы санаттағыларды жұмыспен қамту шараларына басымдық берліген. Бұл бағытта «Жастар практикасы» бағдарламасының рөлі ерекше.
Мәселен, Шымкентте осы жылдың басынан 1500-ден астам жас мамандықтары бойынша «Жастар практикасымен жұмысқа жолданған. Жыл соңына дейін жоспардағы 2650 жасқа жолдама беру көзделіп отыр.
Өткен жылы аталған бағдарламаға 2500 жас қатысса, олардың 1000-нан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан.
Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп 91 890 тг. құрар отыр. Қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.