Бүгін Шымкент қаласында Орталық Азиядағы туристік ақпараттық орталықтың І слеті басталды. Бұл шара Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Оған еліміздің 6 өңірінің визит орталықтарының өкілдері мен Өзбекстан Республикасынан арнайы келген делегация қатысты. Сондай-ақ, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжаннан осы саланың мамандары онлайн режимде қатысып, өз ойларын ортаға салды.
–Шымкент – Қазақстанның оңтүстігіндегі ең ірі қала. Мұнда жылына 300 күн аспан ашық болып, күн күлімдеп тұрады. Қалаға жақын орналасқан табиғи демалыс аймақтар мен киелі орындары да жеткілікті. Сондықтан оңтүстік өңірдің экологиялық жәнее сакралды туризмі Шымкенттен бастау алады деуге болады. Біз үшін осы әлеуетті тиімді пайдаланып, туризмді қала экономикасының жетекші саласына айналдыру өте маңызды. Міне, осы тұрғыдан алғанда өзге өңірлермен және көршілес елдермен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бүгінгі шараның маңызы зор, – деді слеттің ашылуында сөз сөйлеген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.
Айта кетейік, екі күн бойы жалғасатын слеттің соңында «Visit Shymkent» орталығы бірнеше туристік ұйымдармен ынтымақтастық жөнінде екіжақты келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.