Шымкент қаласында «Жас маман» жобасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Жол — көлік колледжі» МКҚК-не қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Аталмыш жоба аясында колледждің материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттар талаптарына сай, соңғы заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында тиісті қаржы бөлген болатын. Осыған орай «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтарына керекті жабдықтар жаңартылды.

40–қа жуық құрал-жабдық алынып, колледж базасына толық орнатылған. Олардың қатарында Bosch FSA 740 автокөлік жүйелерінің диагностикалық кешені (мототестер), LAUNCH X431 Pro 3 диагностикалық мультимаркалы сканері, Р-500Е әмбебап стенд, жүк автомобилінің механикалық беріліс қорабы, электрлендірілген стенд «Теміржол бағдаршамдарының сигнал беру жүйесі», «Талшықты-оптикалық байланыс ВОЛС-4» оқу-практикалық кешені секілді қондырғылар бар.

Айта өтейік, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Жас маман» жобасының негізгі мақсаты — халықаралық стандарттар талаптарына сай жоғары білікті мамандарды дайындау және колледждер мен ЖОО-н заманауи үлгіде модернизациялау болып табылады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.