Аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы қоқыс контейнерлердің айналасындағы бей-берекет қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстар Асқаров, Доролюбов, Гагарин, Мангелдин, Қалдаяқов тұрғын үй аулаларында жүргізілді. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, мамандар тарапынан қадағалануда.

Қаланың бет-бейнесі — тазалықта. Қала тұрғындарын тазалыққа үлес қосуға, қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.