Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтің қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды.

«14 маусым – Дүниежүзілік қан донорлары күні Шымкент қалалық қан орталығында өтеусіз тұрақты донорлардың қатысуымен «Қан донорлығы – ынтымақтастық негізі!», «Донор болыңыз және адам өмірін сақтауға үлес қосыңыз» деген ұрандармен арнайы іс-шара өтуде. Бұл күні құрметті донорларымыз адам өмірін сақтаумен қатар, қоғамдағы ынтымақты нығайтуға үлкен үлес қосуда.
Бұл іс-шараның мақсаты – ерікті қан донорларына ризашылық білдіру, қанды тұрақты және өтеусіз тапсырудың қажеттігі туралы халық арасында мейілінше көбірек хабар тарату, қоғамдық ынтымақтастық пен әлеуметтік бірлікті нығайту үшін ерікті өтеусіз қан донорлығының маңыздылығын мойындау және насихаттау болып табылады»,- деді Нұрлыбек Абибуллаұлы.

Сонымен қатар, спикер: «18 маусым күні сағат 10:00-18:00 аралығында қала тұрғындарының «Өзгеге өмір сыйла!» қан тапсыру акциясы аясында қалалық қан орталығында ерікті түрде қан тапсыра алатындықтарын жеткізді. Орталықта күніне орта есеппен 150-200 ерікті донор қан тапсырады», — деді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.