Ағымдағы жылдың 7 қазан күні Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің мамандары, Шымкент қаласы бойынша «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе басшысымен бірлесе отырып, Шымкент қаласы аумағындағы бей-берекет қоқыс алаңдарына рейдттік іс-шаралар жүргізді.
Рейдтік іс-шара барысында қала аумағындағы 30 — астам бей берекет қоқыс орындары анықталды. Дәл қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша экология Департаментінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдарының мамандарымен бірге қоқыс орындарын жою бойынша жұмыстарын жүргізуде.
Алдағы уақытта Шымкент қаласының экологиялық хал-ахуалын жақсарту мақсатында экология Департаментінің мамадарымен әр-түрлі бағыттағы рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру көзделіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.