Шымкент қаласындағы орналастыру орындарының саны көбеюде. Соның бірі — қала орталығында орналасқан “Пана” бутик қонақ үйі. Сыйымдылығы 54 адамды құрайды. 4 қабатты және 27 нөмірлі.

Қонақ үйдің ашылуында болған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкентте салынып жатқан қандай инвестиция болмасын, оны жергілікті атқарушы орган тарапынан әрдайым қолдауға дайын екенін және әрбір инвестор, әрбір жұмыс беруші — қала дамуы үшін маңызды екенін айтып өтті.

“Пана” қонақ үйі арқылы 10 адам уақытша, 30 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Туризм саласында қызмет ететін адам саны бүгінде 37000-нан асса, жаңа нысандардың құрылысы жүріп, жұмыс бастауы арқылы туристік сала қызметкерлерінің саны да артып жатыр. Қонақ үй әкімшілігі “Пана” — жайлылығымен, жоғары сервисімен және ұлттық авторлық этникалық “Тары” кухнясымен ерекшеленетініне сенімді.

Жалпы, ресми статистика бойынша Шымкент қаласында 121 орналастыру орны бар. Туристерге қызмет етіп, саланың дамуына үлес қосып жатқан кәсіпкерлер үшін жыл басында Мемлекеттік қолдау жүзеге асқан болатын. Атап айтқанда, туристік нысан құрылысы шығындарының бір бөлігі, яғни 10%-ы кәсіпкерге қайтарылады. Қонақ үй құрылысын бастайтын инвестор толық ақпарат алу үшін Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының Call-орталығының +7 701 102 17 17 немесе +7 701 109 17 17 нөмірлері арқылы байланысып, ақпарат алуына болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.