Шомылу маусымы басталғалы бері облысымызда 22 адам суға бату қайғылы
жағдайы тіркеліп, оның ішінде 17 бала. Сондықтан қарапайым ережелерді
сақтап, өзіңізді де жақындарыңызды да сақтаңыз!
Шомылу маусымындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Түлкібас
ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастырумен өткізілген рейдтік
іс-шараға №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және Жергілікті полиция
қызметкерлері жұмылдырылды.
Рейдтік іс-шара Т.Рысқұлов, Құлан және Шарафкент тұрғындарына тек қана
суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдалану,
ата-аналарға балалардың қадағалаусыз шомылуына жол бермеуге, масаң күйде
суға шомылуға тыйым салынатындығы бойынша үгіт-насихат жұмыстары
жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.