Шардарада жыл басынан бері 1300 тонна балық өнімі өндірілді

Spread the love

Шардара ауданы балық өңдеу бойынша облыс көлемінде көш бастаушы аймақ екені белгілі. Бүгінде ауданда жылына 5 мың тоннадан астам балық өнімін өндіруге қауқарлы 4 балық өңдеу зауыты бар. Бұл кәсіпорындар  жыл басынан бері 1,3 млрд. теңге болатын 1300 тонна балық өңдеп, оның 80 пайызын Ресей, Германия, Израиль, Грузия және Өзбекстан сынды елдерге экспортталса, 20 пайызын ішкі нарыққа саудалап жатқанын айта кеткен жөн.Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысу мақсатында арнайы жұмыс сапарымен барған  біз балық шаруашылығымен айналысатын «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінде болып қайттық. Балық өңдеу зауытының процесімен танысып, бұл шаруашылықта коопертивтер құру арқылы өнімнің көлемін  ұлғайтуға болатынына көзімізді жеткіздік. Мұздатылған, ысталған және тұздалған балық пен филе өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 2500 тонна. 250 адамға жұмыс тауып беріп отырған бұл зауыт шет мемлекеттерге бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарумен танымал.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *