Жалпы Шардара ауданында «Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту бойынша балықты қолдан өсіру және молайту шаруашылығымен айналысатын 5 кәсіпорын болса, оларда бүгінде 300 тоннаға жуық балық өсіріліп жатыр. Сондай-ақ, Шардара ауданында алдағы уақытта балық өңдеумен айналысатын тағы да екі шағын кәсіпорын ашу жоспарланып отыр. Мұздатылған, ысталған және тұздалған балық пен филе өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 2500 тонна. 250 адамға жұмыс тауып беріп отырған бұл зауыт шет мемлекеттерге бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарумен танымал.Кәсіпорынның тыныс-тіршілігіне жете қаныққан біз аталған кәсіпорынның су қоймасында орналасқан торлы шарбақтағы балық өсіру жұмысымен де таныс болдық.

Су қоймада өткен жылы 39 тонна балық қолдан өсіріліп шықса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге ұлғайтылып, яғни, 80 тоннаға дейін жеткізілмек.

 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.