ШАРДАРА: ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ФУТБОЛДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ
Наурыз айының 24-25 күндері Шардара қаласы, Орталық стадионда футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облысы чемпионаты өтті. Аталған жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен 16 командалар қатысты. Осы жарыста Шардара ауданынан үздік жартылай қорғаушы номинациясымен Әмірбай Құдайберген және үздік қақпашы номинациясымен Исрайл Жандос марапатталды. Атап айтар болсақ командалық есепте
І- орын Шардара ауданы
ІІ — орын Қазығұрт ауданы
ІІІ — орын Арыс қаласы жеңімпаз атанды.
Жарыс соңында жеңімпаз командаларға медаль, кубок және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.