ШАРДАРА: КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА БӨЛІНГЕН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН ТАСМАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Көктемгі дала жұмыстарына жүргізуге Үкімет тарапынан бөлінген жанар-жағармай (дизель отынын) мәселесі кеңінен талқыланды.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынмен қамтамасыз ету бойынша тасымалдау, жеткізіп беру, жанар-жағармай (дизель отыны) қорының көлемі және оның бағасын нақтылау жөнінде Ұзыната, Көксу, Қоссейіт ауыл округтерінде шаруалармен кездесулер өткізілді. Кездесуге аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы С.Оразбаев, жанар-жағармай тасымалдаушы оператор «КазРоснефть» ЖШС-ның өкілі Қ.Жұмабек, аталған ауылдардың әкімдері, шаруа қожалық төрағалары, ауыл округтеріндегі жанар-жағар май бекетінің иелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы С.Оразбаев аталған ауылдарда жиындарды жүргізе отырып, өз сөзінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевпен бекіткен кестесіне сәйкес, Шардара ауданына 2022 жылы аудандағы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген жанар-жағар майды (дизель отыны) агроқұрылымдардың уақтылы алу, бағасын 1 литрін 195,0 теңгеден сатылуын, жанар-жағармайды талондық режимде босату керектігін «КазРоснефть» ЖШС-ның өкілі Қ.Жұмабек сол үшін өздеріңізбен келісім жасап талқылау жөнінде оператордың өзі арнайы келіп отырғандығындығын жеткізді.

Өз кезегінде жанар-жағармай тасымалдаушы оператор «КазРоснефть» ЖШС-ның өкілі Қ.Жұмабек қажетті жанар-жағармайды уақтылы жеткізуді тиісті деңгейде ұйымдастыруды қолға алатындығын, калькуляцияға сәйкес, бекітілген бағада әр литрін 195,0 теңгеден жергілікті жанар-жағар май бекеттері иелерінің шығынын қоса есептегенде ауданға тасымалдап беретінін, шаруаларға барынша қолдау білдіретінін, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларына бөлінген жанар-жағармайды келесі айдың 15- 20-ына дейін тасымалдап алу керектігін жеткізді. Кездесуде әртүрлі ұсыныстар айтылып, бір шешімге келіп, аталған 3 ауыл округіндегі агроқұрылымдар өкілдері бұл мәселеге қосылатындықтарын жеткізді.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы С.Оразбаев Үкімет тарапынан көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 3120,0 тонна жанар-жағар май (дизель отыны) жөнінде халыққа кеңінен хабарлауды осы тұрғыда ауыл әкімдігімен бірлесіп тиісті жұмыстарды атқару, қадағалау керектігі жөнінде айтып, мәжілісті қорытындылады.

 

(с) Шардара аудан әкімінің баспасөз қызметі

 

#Шардара_ауданы_Түркістан_облысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.