Шардара ауданында биылғы жылдың есепті мерзімінде «Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту  бағдарламасы аясында 18962,6 млн. теңгенің ауылшарушылығы өнімдері өндіріліп, НКИ 107,1 % құраған. Сонымен қатар, осы жылы аудандағы 64000 гектар суармалы жердің 59300 гектарына ауылшаруашылығы дақылдары егілді. «Даму бағдарламасының» жоспарына сәйкес, 700 гектар егістік жерге тамшылатып суғару әдісін ендіру тапсырмасы 711 га немесе 101,6 пайызға, 5 га жерге жылыжай салу тапсырмасы 6,05 га немесе 121 пайызға орындалды. Жылдың бекітілген жоспарына сәйкес, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1050 бас ірі қара мал алу жоспарланып, нақты 1470 бас ірі қара мал (140%), «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2770 бас уақ мал алу тапсырмасы 3350 басқа (120,9%), «Құлан» бағдарламасы бойынша 375 бас жылқы алу межесі 390 басқа (104,0%) орындалды. Аудан көлемінде 165 бірлік мал бордақылау алаңдарын құрылып, тапсырма (163 бірлік) 101,2% орындалса, 29 бірлік шағын жанұялық фермалар құрылып, тапсырма (25 бірлік) 116% орындалды. Ірі қара 39645 басты (124,8%), қой 183060 басты (102,5%), ешкі 8614 басты (101,2%), жылқы 8163 басты (132,8%),түйе 2373 басты (108,1%), құстар 36848 басты (94,2%) құрады. Ағымдағы жылдың 9 айында 4219,5 тонна ет (100,2%), 14602,6 тонна сүт (101,5%), өндірілсе, 2031,7 мың дана жұмыртқа (105,0%) алынды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.