ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбарова Шымкентте жұмыс сапарымен жүр. Халық қалаулылары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды.

Нұрлан Құдиярұлы мен Айгүл Жарылқасынқызымен өткен кездесуге оқу орнының ректоры Гүлжан Сүгірбаева бастаған оқытушылар құрамы, профессорлар, студенттер қатысты. Конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған жиын «Халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейтудегі құқықтық тетіктер» тақырыбына арналып, еркін форматта өтті.

Сенатор Нұрлан Бекназаров соңғы жылдардағы елдегі саяси жүйеде өзгерістер болып жатқаны көпшілікке мәлім екенін айтып, 5 маусымда болатын реформа солардың негізгісі екеніне тоқталды. «Ондағы негізгі мақсат – Ата заңғы өзгеріс енгізу» деді сенатор. Ал Айгүл Қапбарова сапалы өзгерістер ел дамуының өзегі деп атап өтті.

– Бұл жолғы өзгерістер – өте маңызды. Себебі, «Халық» сөзі алғаш рет кең ауқымда қолданылып отыр. Яғни, елдегі негізгі билік көзі – халық. Елдегі ауқымды өзгерістер халықтың шешімінсіз қабылданбайды. Ал Конституция – еліміздегі саяси жүйенің темірқазығы, – деді Айгүл Жарылқасынқызы.

Жиында ОҚМПУ оқытушылары, тарихшылар сөз алып, Қазақстан тарихындағы өзгерістерге тоқталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.