САЙРАМ: «ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНДА ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ, АЛАЯҚТЫҚ, ЖЕДЕЛ ҚАРЖЫ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Қасымбек Датқа ауылында «Парасат» пікірталас клубынының VIІ көшпелі отырысы өтті.

Күн тәртібінде қаржы пирамидасы, ақшаға байланысты алаяқтық, жедел қаржы беру мекемелері және Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі өзекті мәселелер және оның шешу жолдары туралы талқыланды.

Отырысты аудандық мәслихаттың депутаты, Қоғамдық кеңестің мүшесі Сыздықов Қуаныш Адырбекұлы ашып, жүргізді.

Жиында «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әбдіқадіров Алмас Әбдірахманұлы «Парасат» пікірталас клубының VI отырысында көтерілген мәселелер мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуын баяндады.

Өз баяндамасында өткен отырыста 13 мәселе көтеріліп, орындалуына жеке-жеке тоқталды. Атап айтқанда, жастар мәселесі – 6, мәдениет жән,е спорт саласы – 3, білім саласы – 2, полиция басқармасына қатысты – 2 мәселе. Жалпы 13 мәселе зерделеніп, оның 7-уі тұрақты, 6-уының орындалу мерзімі бар екені анықталды. Бүгінгі таңда 3 мәселе орындалған, 9-ы жүзеге асырылуда, 1 мәселе жүзеге аспаған.

Аудандық мәслихаттың депутаты, Қоғамдық кеңестің мүшесі Сыздықов Қуаныш Адырбекұлы қаржы пирамидасы, ақшаға байланысты алаяқтық, жедел қаржы беру мекемелері жайлы баяндады. Баяндамасында қоғамда орын алып отырған алаяққа қатысты қылмыс жағдайларына тоқталып, Қарабұлақ ауылдық округінде 7 мектептен 75, сонымен қатар «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектебінен 19 мұғалімдердің алаяқтардан алдағаны туралы және осы алаяқтардан сақтанудың қажеттілігін түсіндірді.

Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі өзекті мәселелер және оның шешу жолдары туралы Сайрам ауданының Құрметті азаматы, қоғам белсендісі Сағындықов Сихымбай Уәлиханұлы баяндады (1. Қасымбек Датқа ауылындағы С.Сарманов көшесі бойында орналасқан аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің есебіндегі 48 пәтерлік арендалық, коммуналдық 3 тұрғын үйдің кәріз жүйесі. 2. Елді мекендерді сапалы және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету. 3. Ауылдық округіне қарасты 8 елді мекеннің ешқайсысында мәдени ошағы жоқ. 4. Елді мекендерінен жеке тұрғын үйлер құрылысын жүргізу үшін бұрынғы жылдары берілген жер телімдері, яғни аумағы 2326,8 га Жаңақұрылыс аумақтарына инфрақұрылым (жол, ауыз су, электр энергиясы, табиғи газ және т.б. жүйелерін жүргізу. 5. Елді мекендерді ағын сумен қамту мәселелері)

Аталған отырысқа Сайрам ауданының прокуроры Тлемисов Дәулет Бекбашұлы арнайы қатысып, ауданымыздағы «Қаржы пирамидасы, ақшаға байланысты алаяқтық, жедел қаржы беру мекемелері жайлы» атқарылып жатқан жұмыстар бойынша кеңінен баяндама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жиында көтерілген мәселелерді назарына алып, ауданда алаяқтық бойынша 15 қылмыстық іс қозғалғанын айтып, алаяқтарға жол бермеу, жастарды тәрбиелеу мәселесі, сондай-ақ клуб отырысының мақсаты мен нәтижесін назарға салды. Одан бөлек, аудан бойынша әлеуметтік картасы жаңартылып, онда 207 мәселе енген болса, 29-ы Қайнарбұлақ ауылдық округіне қатысты екенін атап өтіп, барлық мәселе өз деңгейімен және кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.

Отырыс барысында ауыл белсенділері және тұрғындары тарапынан ағын су, жайылым жер, қоғамдық көлікпен тасымалдау, электр жарығы және өзге де мәселелеркөтеріліп, маңызды ұсыныс-пікірлер айтылды.

«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының сектор меңгерушісі Биназаров Бейбіт Бақытбекұлы қаржыға қатысты кибер-қылмысты болдырмау, алаяқтардан сақ болу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып, үндеу жасады.

«Парасат» пікірталас клубынының негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, пікірталас алаңында жан-жақты талқылау, шешу жолдарын қарастыру. Саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда «Парасат» пікірталас клубының құрамына сайрамдық ел ағалары, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардан, саяси партиялар мен БАҚ өкілдерінен, депутаттардан және жастар қауымынан 43 азамат енген.

Сонымен қатар клуб отырыстарының күн тәртібіне сай жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.

«Парасат» пікірталас клубының келесі отырысында Ақсукент ауылдық округінде өтетін VІІІ көшпелі отырысында Ақсукент-2 ауылының тазалық сақтау мәселелері талқыланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.