Елбасы Н.Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауының негізі – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар өңірлер дамуына қолдау көрсету екені сөзсіз. Осы бағытта Түркістан облысында түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Сайрам ауданында 13,9 млрд.теңге инвестиция тартылған. Облыс көлемінде инвестиция бойынша ауданның үлесі 6,5 пайызды құрайды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сайрам ауданының әкімі мәлімдеді. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, аудандағы кәсіпкерлік саласы бойынша белсенді субъектілердің саны 14665 бірлікке жетіп, өсім 12,8 пайызды құраған. «Өңірде 324 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, онда 992 жұмыс орны ашылған. Кәсіпкерлік саласында 85,8 млрд.теңгенің өнімін өндіру жоспарланып, 10 ай көлемінде 93,7 млрд.теңге өнімі өндірілген. Нәтижесінде жылдық жоспар 109,2 пайызға орындалған. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 10 ай көлемінде 5 жобаға 103 млн.теңгеге қолдау көрсетілді. Кәсіпкерлікті қаржы институттары арқылы қаржылай қолдау мақсатында аудан көлеміндегі микрокредиттік ұйымдар арқылы 8 мыңға жуық адамға 4 млрд. 367 млн.теңге несие берілген». Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы бойынша аудандағы 42 елді мекеннің 97,6 пайызы орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Табиғи газбен аудандағы 42 елді мекеннің 19 елді мекені немесе 45,2 пайызы қамтылған. Даму концепциясына сәйкес 2018-2021 жылдар аралығында 23 елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етіп, 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аудандық маңызы бар 8 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу және 72,7 шақырым 66 ішкі жолдарды орташа жөндеуден өткізу жұмыстарына барлығы 1735,1 млн.теңге бөлінген. Сонымен қатар, 18,5 шақырымды құрайтын 20 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, нәтижесінде 81,1 шақырым жолдың жағдайы жақсарып, аудандағы қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 8,2 пайызға өскен.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.