Сайрам ауданында ағымдағы жылы 42 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынды, — деп хабарлайды Медиаон ақпарат.

Аудан ауыл шаруашылығын дамытуға арналған «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді. Биыл ауданда «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 400 бас ұсақ мал, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 150 бас мүйізді ірі қара мал алынды және 170 бірлік бордақылау алаңы іске қосылған, — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Жалпы ауданда өткен сегіз айда 26,0 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, былтырдың осы мерзімімен салыстырғанда өсім 3,5 пайызды құрады. Мал шаруашылығында 17,8 млрд.теңге, егін шаруашылығында 8,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Жыл басынан 12,0 мың тонна ет, 81,7 мың тонна сүт өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсімі тиісінше 103,9 пайызды және 101,6 пайызды құраған. Биылғы жылы дәнді-дақылдар 18067 гектарға, майлы дақылдар 7979 гектарға, қант қызылшасы 39 гектарға, мал азықтық дақылдары 15111 гектарға, көкөніс 4130 гектарға, картоп 3792 гектарға, бақша 47,4 гектарға егілді және 230 гектар жерге жеміс жидек, жүзім егілген. Ағымдағы жылы 42 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынды. Жалпы бүгінгі таңда аудан бойынша 513,5 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендірілген, 8 айда тамшылатып суғару әдісімен 5 гектар бау, 15 гектар көкөніс егілді. Аудан бойынша 19,5 га жерде 79 бірлік жылыжайлар жұмыс істеуде. 1,35 гектар жылыжай іске қосылып, жылдық жоспар орындалған.Жыл соңына дейін жылыжай көлемін 1,40 га жеткізу болжануда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.