Елбасы Н.Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Халыққа Жолдауында ауылшаруашылығы саласына да көп көңіл бөлінгендігін айтып өтті. Ауылшарушылығы саласын дамытудың тағы бір тиімді жолы сол өнімдерді сыртқа экспорттау екені де белгілі. Осыған сәйкес, Түркістан облысының жүзімдері Ресейге экспортталуда. Жетісай ауданында өсірілген жүзімдердің бір келісі 120 теңгеден саудаланып отыр Бүгінде аталған аудандағы Абай ауылдық округінде 280 гектар жүзімдік алқабы бар. Өңірдегі ең ірі «Махарам» шаруа қожалығы егіс алқабының әр гектарынан 25 центнерге дейін өнім алуда. Шаруалар жүзімнің «Тайфы» сортынан жиналған өнімнің басым бөлігі Ресейге жөнелтіліп жатқанын айтады. Аталған қожалықта 42 гектар жерге жүзім егілген болса, соның 26 гектарынан өнім алынып отыр. Қожалық төрағасы Махарам Нифталиевтің айтуынша, 1 гектарға шамамен 2 миллион теңгеге жуық шығын кеткен. 50 жылға жуық өнім беруге қауқарлы жүзім бақтары жалпы кеткен шығынды 5-6 жылда толығымен ақтайтын көрінеді. Айта кетейік, соңғы үш жылда өңірде жеміс-жидек пен жүзімнің егіс көлемі 1,8 мың гектарға артып, егіс көлемі 30 мың гектарға жеткен. Оның ішінде жеміс — 19,5 мың гектар, жүзім — 10,5 мың гектарды құрайды. Ағымдағы жылы 85 мың тонна жеміс-жидек және 70 мың тонна жүзім жинау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, республикада өндірілген жүзімнің 72,5 пайызы Түркістан облысының еншісінде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.