Күн санап қарыштап дамып келе жатқан әлемдік ғылыми ізденістер мен жаңалықтар өз дегеніне қол жеткізіп келеді. Қоғамның қайсыбір саласы болса да даму процесінде жаңаша үдеріс, айрықша сипатқа ие. Олай дейтініміз өткен ғасыр ғылыми-техникалық жетілудің қадамына жол ашса, бұл кезең нанотехнологиялар мен жаңаша тәжірибе, тың ізденіс жасау ісіне ие. Ғылыми бетбұрыс ауылшаруашылық саласынан да шет қалмады. Оған дәлел, 54 мыңнан аса халқы, 1 675700 км2 жер аумағы бар Түркістан облысындағы Отырар ауданы биылғы жылы жоғары табыстарға қол жеткізбек. Ежелден мал және егін шаруашылығымен даңқы шыққан өлкенің соңғы ширек ғасырда суармалы жерлері тұзданып, өнім беруі төмендеп кеткені белгілі. Осы орайда,  Алматы қаласындағы Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия институтымен бірлесіп, ғылымның соңғы жаңалықтарын пайдалана отырып егістік жерлерді тұздан арылту жұмыстарын жүргізуге бел буған отырарлықтар көңіл қуантарлық нәтижеге де қол жеткізіпті.  Үкілі үмітке сенім артып, ауылшаруашылық саласындағы салмағы ауыр бұл істің оң шешілуіне барынша зейін қойған аудан басшылығы биылғы жаңбырдың аздығына қарамай жылдағы өнімнен рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін айтты.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.