Облыста тамшылатып суару жүйесін өндіретін зауыт салынбақ

Spread the love

Су шығынын 2-3 есеге дейін азайтатын осынау жобаны «Golden Camel Group LTD» компаниясы жүзеге асырмақ. Өндірістік қуаттылығы жоғары болып табылатын технологиялармен жылына 1500 га егістік жерді суғаруға болады. Кәсіпорын іске қосылғанда мұнда 120 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Түркістан қаласында салынатын инвестициялық жоба өнімдерін негізгі саудалаушылар — жергілікті ауыл шуаруашылық өнімдерін шығарушылар мен ТМД елдерінің өндірушілері болмақ.  Жалпы жыл басынан бері Түркістан  облысында ауылшаруашылығы мақсатында тамшылатып суғару әдісі қосымша 6 мыңға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті. Бұл біздегі аталған жұмыстардың республикадағы үлесі 73% пайыз екенін көрсетеді.  Айта кетейік, соңғы жылдары Түркістан облысында ауылшаруашығы секторында ілгері серпіліс байқалады. Оңтүстіктік шаруалардың қажырлы жұмысына әкімдік тарапынан түрлі көмектер көрсетілуде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *