Нигериялық турист Түркістанда өткен ұлттық спорт ойындарына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР «Есімімді ел қойды»: Ұлыстың ұлы күнінде туған Наурыз атты жігіттер жайлы Болат Бопайұлы: Наурыз — салт пен дәстүрді насихаттайтын ұлы мереке Өзбекстанда Наурыз мерекесі қалай тойланады Наурыз қарсаңында мерекелік шараларға тыйым салынбайды – Ажар Ғиният Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген асық ату, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындардан жарыс өтті. Сонымен қатар, студенттер мен ересектер арасында гір тасын көтеру, командалық арқан тарту, жебе тарту сайысы бойынша да жарыстар ұйымдастырылды. «Ұлыстың ұлы күнін ең бірінші ұлттық спорттан бастап отырмыз. Ата-бабадан бүгінге жеткен ұлттық ойындарымызды Түркістан қаласына келген қонақтарға дәріптеп, бүгінгі шараға қатысқан жанкүйер жастарға кеңінен насихаттау, елдігіміздің іргелі қасиетін, үлгі-өнегесін таныту — біздің басты мақсатымыз», — дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев. Сайыс барысында жоғары оқу орындарының ұстаздары мен музей қызметкерлері де бақ сынады. Оның ішінде нигериялық туристер де болды. Атап айтар болсақ, Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің оқытушы қызметін атқарып жүрген Vakasai Bashir Aliyu гір тасын көтеріп, асық атты. Жебе тартып, күш сынасты. Ұлттық ойындарды тамашалап, шығу тарихымен танысты. Жеңімпаздарға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы атынан арнайы ақшалай сыйлықтар мен диплом берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.