Сауран ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Шорнақ ауылындағы №24 Өрт сөндіру бөлімі және Сауран ауданының әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, аудан аумағында орналасақан арнайы жабдықталмаған орындарда шомылып жүрген тұрғындар мен жас балаларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілді. Аталған іс-шара барысында тыйым салынған белгісі бар орындарға және мас күйде шомылмау керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қатысқан барлық адамдарға ескертпе жадынамаларын таратып, көрнекі жерлерге ілінді. Сондай-ақ облыс аумағымен аудан аумағында орын алған қайғылы оқиғаларға шолулар жасап түсіндірді. Сонымен қатар арнайы жабдықталмаған су айдындрында шомылуға тиым салынатыны жөнінде және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы хабардар етті.