Түнде жауған нөсерлі жаңбыр шымкенттіктер мен түркістандықтарды әбіргерге салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін Қазақстанның бір қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады Қазгидромет: Наурыздың 21-і күнгі күн райы болжамы «Қазгидромет» наурыздың 20-сы күнгі күн райы болжамын жариялады Бүгін Қазақстанның 2 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады Оңтүстікте табиғат тосынсый танытып тұр. Шымкент қаласында түнде жауған жаңбырдан кейбір көшелер мен аулаларды су басты. Нәтижесінде төтенше жағдай қызметінің мамандары түнімен су арнасын бұру, жиналған суды мотопомпа арқылы тарту жұмыстарын жүргізді. «Кезекшілікке жеке құрамнан 114 қызметкер түсті, 38 бірлік техника, 28 дана мотопомпа дайындыққа келтірілді. Жалпы жаңбыр суын сорғыту жұмыстарын жүргізу үшін 12 мекен-жайларға күштер мен құралдар жіберілді. Қазіргі таңға 482 текше метр су сорылды және 70 құм қабы төселді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Жеке тұрғын үйлерге су кірмеген»,- делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының хабарласында. Ауа-райы күрт құбылып, жаңбыр соңы қарға ұласты. Қазір қалада қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолдарының қары тазаланып, тайғанаққа қарсы инертті материалдар себілуде. Жалпы бұл жұмыстарға 21 техника, 95 жұмысшы жұмылдырылған. Ал, Түркістан қаласында жауын салдарын жоюға 12 су тартатын асинизатор көлігі, 1 жүк тиегіш, 11 жүк көлігі жұмылдырылды. Анықталған су жиналатын орындарда 37 дренаж қазылды. Жетісай мен Мақтарал ауданында жаңбыр мен жерасты суының көтерілуінен болған жағдай бойынша мамандар әлі де жұмыс істеп жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.