Осындай ұранмен Түркістан облысы Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және ішкі саясат бөлімінің қолдауымен аудан жастары қолға Ту алып тұлпар мініп шеруге шықты.  Жастар арасында Мемлекеттік Рәміздер туралы түсініктерді нығайту, олардың маңызы жайлы түсініктерін дамыту, қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында әрі Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай бейнеролик түсірілді.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше.
Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.