«Әлемдік тұрақсыздықтың ең басты қаупі – жұмыссыздықтың өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан  мемлекеттік, салалық  бағдарламалардың қандай да бір жартылай бөлігі ғана емес,  барлығы түгелдей толығымен,  нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі қажет», — деп атап айтты Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Басқаша айтқанда, бұдан былай жұмысқа орналастыру міндеті дамудың барлық салалық бағдарламаларына кіргізілетін болады. Бұл жоғарыда айтылған жаңғыртудың ең маңызды бөлігі. «Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту  бойынша айтылғандай, бағдарламаның мақсаты – тұрақты әрі өнімді жұмыспен қамтуға көмектесу арқылы жұртшылықтың табысын арттыру болып табылады. Бұл міндетті орындау шараларды әзірлеудің кешенді сипатын білдіретіндіктен, құжат авторлары елдігі жұмыссыздық жағдайын түбірімен өзгертуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін  бірнеше бағытты бірден белгілеуге шешім қабылдады. Ең алдымен, өз бетімен күн көретін азаматтардың көптеген санаттарын экономикалық іс-әркетке тарту тетігін айқындау және олардың әлеуметтік қолдау көрсету жүйесіне қатысуын заңдастыру қажет болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда экономикалық белсенді және еңбекке қабілетті азаматтардың жалпы санының шамамен 32%-і өз бетімен күн көрушілер екен. «Бағдарламаның мақсаты – жұртшылықтың табысын арттыру. Екінші жағынан, өз бетімен күн көрушілерге қатысты, біз бүгінде өз бетімен күн көрушілерді жария табыспен қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл олардың ортақ әлеуметтік жүйеге қатысулары үшін қажет», — дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.