🇰🇿 МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»

 

🔹 Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында аудандық партия активі отырысы өтті. Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, «Amanat» партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Қансейітов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, «Jas Otan» ЖҚ төрағасы және бастауыш партия ұйым төрағалары қатысты.

 

🔹Күн тәртібіне сәйкес Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Қансейітов баяндама жасады. «Ел Президенті Жолдауда «Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру» деп атап өтті. Сайлау туралы Заңның да тармақтары қайта қаралып, Мәжіліс, мәслихат депутаттарын сайлауда 70% партиялық, 30% мажоритарлық жүйеге негізделмекші. Бұл халықтың сайлауға деген сенімін арттырып, өз таңдау еркін жасауға мүмкіндік тудырады»,- деді атқарушы хатшы.

 

🔹 Жиын барысында жарыссөзге шыққан аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев Жолдау туралы өз пікірін жеткізді. « Бұл Жолдаудың мән-мағынасы ерекше деп айтар едім Президент Жолдауы Ұлыстың Ұлы күні қарсаңымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символикалық мәні бар деп ойлаймын. Жолдау ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің саяси жүйесінің жаңа, әрі сара жолын сипаттайды»,-деді.

 

🔹 Келесі кезекте №7-ІТ мектеп-лицей директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақмарал Нұрқамытова жарыссөзге шығып, Жолдауды толықтай қолдайтынын айтты.

 

🔹Активі отырысы соңында аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы: «Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау – біз үшін киелі парыз. Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуге жұмылып атсалысуға шақырамын! Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын!»,- деп жиынды қорытындылады.

 

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.