Түркістанда құрылысы жүріп жатқан «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығы жағажай туризмін дамытуға серпін береді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған нысанға барып, кезекті рет қадағалаудан өткізді. Бұл су кешеніне «Кеңсай-Қосқорған» су қоймасынан су жеткізіледі деп жоспарланған.
– Мамыр айында жасанды көлге су жіберілуі тиіс. Суды сараптамадан өткізіп, қауіпсіздігін зерделеңіздер. Су кешеніне алдын ала су жіберіп, жақсылап тексеру қажет. Мұндағы су тек жағажай туризміне ғана емес, қаланы көгалдандыруға да қолданылады, – деді Өмірзақ Шөкеев.
 «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығында демалуға, шомылуға, су спорты түрлерімен айналысуға мүмкіндік жасалады. Жалпы ауданы 85 гектар жерде орналасатын ерекше кешеннің құрылысы үш кезеңге жалғасады.  Жасанды көлдің сыйымдылығы – 2,5 млн. текше метрге жуық.  Нысанның жер жұмыстары 100% аяқталған. Көктемгі суды қабылдайтын, су жіберетін  каналдар да  дайын. Жағажайда емдік қасиетке ие шағыл құм төселіп, ағаш отырғызылып, балалар демалыс аумағы,  элиталық коттедждер мен қонақүйлер, аквапарк салынады деп жоспарланып отыр.
Бүгінде Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі жүріп жатыр. Бұл жобалар да облыс әкімінің бақылауына алынған. Түркістан қаласы айналасында азық-түлік белдеуі қалыптастырылып, құны 26,9    млрд. теңгені  құрайтын 5 серпінді инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Түркістан    қаласын    дамыту бойынша  кешенді жоспарға сәйкес 109 жобаны іске асыру жоспарланған. Инвестиция көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 1 трлн. теңгесі немесе 77%-ы – жеке инвестициялар.
Шаһарды дамытудың ІІ кезеңі 4 аумақта іске асырылады. Атап айтқанда, әуежай аумағына ауыл шаруашылығы және басқа да сепінді жобалар қолға алынған. Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында заманауи білім, денсаулық сақтау, спорт нысандары мен әкімшілік ғимараттар, демалыс орындары салынып жатыр. Сонымен бірге Б.Саттарханов даңғылы бойында спорт кешені, «Яссы» желілік саябақтары бой көтеріп келеді. Мәдени-рухани орталықта «Әзірет Сұлтан» музей қорығы маңы абаттандырылып, «Қылует» мешіті, аз қабатты тұрғын үйлер құрылысы іске асырылмақ.
В МАЕ В ТУРИСТСКО-РЕКРЕАЦИОННЫЙ КОМПЛЕКС «ТУРКЕСТАН» ПУСТЯТ ВОДУ
Туристско-рекреационный центр «Туркестан», строительство которого ведется в областном центре, придаст импульс развитию пляжного туризма. Аким области Умирзак Шукеев посетил объект и проинспектировал ход работ. Планируется, что к этому водному комплексу будет подведена вода из водохранилища «Кенсай-Коскорган».
— В мае вода должна быть подведена к искусственному озеру. Проверьте состояние воды, обеспечьте безопасность. Прежде чем подать воду, нужно все тщательно осмотреть. Эта вода будет использоваться не только для пляжного туризма, но и для озеленения города, — сказал У. Шукеев.
В туристско-рекреационном центре «Туркестан» посетители смогут отдыхать, купаться, заниматься водными видами спорта. Строительство уникального комплекса площадью 85 гектаров ведется в три этапа. Емкость искусственного озера — около 2,5 млн кубометров. Земляные работы на объекте полностью завершены, готовы каналы, которые весной будут принимать и пропускать родниковую воду. Планируется, что на пляже будет выложен целебный песок, высажены деревья, построена детская зона отдыха, элитные коттеджи, гостиницы, аквапарк.
Туркестан вступил во второй этап своего развития. Проекты находятся на контроле акима области. Вокруг города сформирован продовольственный пояс, реализуются пять прорывных инвестпроектов общей стоимостью 26,9 млрд тенге. В соответствии с Комплексным планом развития Туркестана планируется реализация 109 проектов. Объем инвестиций составил 1,3 трлн тенге, из них 1 трлн, или 77%, — это частные инвестиции.
Второй этап развития города реализуется на четырех территориях. В частности, на территории аэропорта запущены сельскохозяйственные и другие проекты. На территории административно-делового центра возводятся современные объекты образования, здравоохранения, спорта, административные здания, места отдыха. По проспекту Б. Саттарханова ведется строительство спортивного комплекса, линейного парка Яссы. В культурно-духовном центре планируется благоустроить территорию музея-заповедника «Азрет Султан», построить мечеть и малоэтажные жилые дома.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.