Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мал шаруашылығын дамыту жобаларына 30 млн теңгеге дейін несие беруді жоспарлап отыр.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 31 наурыздағы мәлімдемесінде кәсіпкерлік секторды қолдауға бағытталған бірқатар міндеттер белгіленген. Соның ішінде Президент агроөнеркәсіптік кешенді үздіксіз қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті несиелеуді арттыру қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өзінің несие өнімдері арқылы ауылдықтарды мал шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша қаржыландырып келеді. Қор биыл мал шаруашлығымен айналысамын деушілерге 30 млн теңгеге дейінгі сомада несие беруді жоспарлап отыр. Ірі қара, қой және түйе шаруашылығын дамытуға берілетін несиенің мерзімі 10 жылға дейін. Несиенің жылдық сыйақы мөлшері 16%, бірақ оның 10 процентін мемлекет субсидиялайды. Яғни, шаруа несиені 6 процентпен төлейді. Негізгі борышты өтеу бойынша екі жылға дейін, ал, сыйақыны өтеу бойынша бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі қарастырылған. Негізгі борыш пен сыйақыны ай сайын, тоқсан сайын немесе жарты жылда бір төлеп тұру мүмкіндігі де жасалған. Несие жеке кәсіпкерліктерге, шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылықтарға бағытталған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.