Мақтаарлда 58 мың гектар алқабында сор шаю жұмыстары жүргізілген.

Spread the love

Ендігі мақсат — әрбір сәтті күнін тиімді пайдаланып, мамырдың ортасына дейін шаруалар мақта шитін толық егіп бітуі тиіс. Ендеше, қырмандарыңызға береке тілей отырып, биылғы  дала жұмыстарын ашық деп жариялаймын» — деді жауапты сала маманы. Жалпы аудан бойынша егістік жер көлемі 61 мың гектарға жуық болса, биыл оның 58 мың гектар алқабында сор шаю жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 17 401 гектар алқап тырмаланып, 7 681 гектар алқап чизельденген. Сонымен қатар, ерте егілген көкөніс көлемі 342 гектарға, дәнді дақылдар 127 гектарға, бақша 4 311,5 гектарға, жүзім 5 гектарға жетті. Жалпы егілген егістің көлемі 5 590,5 гектарға жетті, яғни егілуі тиіс алқаптың 9,7 пайызын құрап отыр. Мақталы өлкенің негізгі дақылы «Ақ алтын» болса, жылға мақтаны егу үшін 760 тонна тұқымдық шит дайындалды. Бағалары 240-350 теңге аралғында сатылуда. Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан алынған ауыл шаруашылығы дақылдарының оңтайлы егу мерзімдері жөніндегі ұсынысына сәйкес, мақта дақылының тиімді егу мерзімі қолайлы болып отыр. Дала жұмыстары үшін 954 ауыл шаруашылығы тракторлары, 415 чизель, 3 876 тырма, 212 тұқым сепкіш техникалары сақадай сай тұр. Ол үшін шаруаларымыз соңғы 3 айдың өзінде 139,3 млн тенгеге лизингке және өз қаржыларына 15 дана жаңа техника алған. Дала жұмыстарын жүргізуге 4м160 тонна жанар жағармай бөлініп, «Sapali Munai» ЖШС-і арқылы 2 925 тонна,«Alem Munai inves» ЖШС-і арқылы 1 235 тонна таратылуда. Айта кетейік, «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы  дала жұмыстарына 1-ші кезекпен 184,170 млн теңге 92 шаруашылыққа,2-ші кезекпен 37,390 млн теңге 18 шаруашылыққа қаражат берілді. Сондай-ақ, 3-ші кезекпен 48 шаруаға 72 млн теңге көлемінде құжаттар дайындалуда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *