Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 3000-ға жуық үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Алматыда жаңбыр құйып тұр: Су басудың алдын алу үшін 2 мың қап құм дайындалды Жетісай мен Мақтаралда соңғы 30 жылда мұндай көлемде жауын жаумаған — ТЖД Атбасар ауданының 9 елді мекенінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілді Түркістан облысында үй мен аулаларды жаңбыр суынан тазарту жұмысы жүріп жатыр Мақтаарал ауданында толассыз жауып жатқан жаңбырдың салдарымен күрес әлі тоқтамған жоқ. Қазір өңірде барлығы 214 мотопомпа жұмыс істеп жатыр. «Тұрғын үйлердің аулаларын су басу жағдайы өте көп тіркелуде. Штаб барлық тұрғын үйге бірдей көмек көрсетуі физикалық тұрғыдан мүмкін емес. Ең бірінші кезекте аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты аналары бар отбасыларға көмек көрсетудеміз. Осыған байланысты барлық аудан тұрғындары, кәсіпкерлерді, ерікті азаматтарды орын алған жағдаймен бірігіп күресуге шақырамын», — дейді аудан әкімі Бақыт Асанов. Жалпы ауданда 3 мыңға жуық үйдің аулаларын су басу жағдайы тіркелген. Бүгінге дейін жергілікті әкімдіктердің және облыстық, аудандық төтенше жағдай қызметкерлерінің тәулік бойы атқарған жұмыстарының нәтижесінде 15501 куб жаңбыр суы тартылды. Айта кетейік, екі аптадан бері тынымсыз жауған жауын-шашыннан жер асты суы көтеріліп, Мақтаарал ауданында бірнеше елдімекендерде көшелер мен үйлердің аулаларын су басу жағдайлары орын алды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.